русский язык

Беларусь құрамасының бас бапкері командасын Қазақстан ұлттық командасымен салыстырды

Беларусь құрамасының бас бапкері командасын Қазақстан ұлттық командасымен салыстырды

Бұрын "Қайрат" футбол клубында бапкерлік қызметте болған Беларусь ұлттық құрамасының бас бапкері Карлос Феррер командасын Қазақстан ұжымымен салыстырды.

"Егер Беларусьті Қазақстанмен салыстырса, үлкен айырмашылық бар деп айта алмаймын. Қараңызшы, олар ЕУРО-2024 іріктеу кезіңінен өтті деп есептей беруге болады. Ұлттар лигасының тобын жеңді, енді Грекиямен ойнайды.

Қазақстан құрамасын ренжіткім келмейді. Мен оларды құрметтеймін, мен сол жақта жұмыс істедім. Біз олардан биікпіз деп айтпаймын, өйткені соңғы уақытта олар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Сонымен қатар, ФИФА рейтингінде Беларусь – 95-ші орында, ал Қазақстан – 100-ші орында", – деді Феррер "Беларусь 5" телеарнасының эфирінде.



Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;