русский язык
ММА

Ислам Махачев UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтерлерді жекпе-жекке шақырды

Ислам Махачев UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтерлерді жекпе-жекке шақырды

Аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев америкалық файтер Джастин Гэтжимен 8 маусымда жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Ресейлік файтер UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеу иегері. Ең үздік файтерлердің рейтингінде көш бастап тұр.

Ал Гэтжи жеңіл салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингінде бразилиялық Чарльз Оливейрадан кейін екінші орында. Ислам Тwitter-дегі ресми парақшасында бірнеше файтерге үндеу жасады.

"8 маусым Гэтжи, ал қараша айында "Мэдисон Сквер Гарденде" Оливейра немесе Царукянға қарсы жұдырықтасамын", – деп Махачев.

Айта кетейік, 13 сәуірде өтетін UFC 300 турнирінде бразилиялық файтер Чарльз Оливейра мен ресейлік Арман Царукян жұдырықтасады.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;