ММА

UFC Шавкат Рахмоновтың чемпиондық жекпе-жекке шығатынына сенімді

UFC Шавкат Рахмоновтың чемпиондық жекпе-жекке шығатынына сенімді
news-banner7
mobile-news-top

UFC ресми сайтының бас редакторы әрі «UFC энциклопедиясы» кітабының авторы Томас Джербази Prosports.kz-ке Шавкат Рахмонов чемпиондық кездесуге шығу үшін резервтік рөлге келісуі керек пе деген сұраққа жауап берді.

«Рахмоновқа резервші болу қажет емес. Қалай болғанда да, ол осы жекпе-жек жеңімпазының келесі қарсыласы болуы әбден мүмкін», - деді сарапшы.

Бұған дейін белгілі журналист Ариэль Хельвайни Леон Эдвардс пен Белал Музаммадтың бірі жарақат алып, қатардан шығып қалса, «Номад» соның орнын басып чемпиондық жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін хабарлаған. Алайда жоғарыда аталған жекпе-жек 13 сәуірдегі UFC 300 турнирінде өтеді, ал биылғы Рамазан айы 9 сәуірде аяқталады. Демек Рахмонов резервтік рөлге келісетін болса, бұл кездесуге толық дайындала алмауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер