русский язык
Теннис

Александр Недовесов Аделаидадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Недовесов Аделаидадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге, Аделаидада өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде Недовесов/Эскобар К.Францен (Германия)/Х.Йебенс (Германия) жұбын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.

Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында Қазақстан-Эквадор жұбы Р.Бопанна/М.Эбден жұбымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;