русский язык
Теннис

Бублик Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Бублик Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Аделаида (Аустралия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Доданың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 40-орында тұрған ұлыбританиялық Дэниел Эванспен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда Эванс ширақтық танытты – 6:4. Есесіне екінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда қарсыласын ойсырата ұтты – 6:1.

Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Бублик 21 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;