русский язык

Лимит енді болмайды

Лимит енді болмайды

Қазақстанда легионерлерге лимит алып тасталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Instagram парақшасында айтты.

Енді қазақстандық команда сапында алаңға бір уақытта 11 легионер шыға алады. Бірақ маусым өтінімінде қазақстандық футболдың 11 түлегі болуы шарт.

Барменқұлов бұл шешімнің оң тұстарын айтты. Оның сөзінше:

1. бәсеке артады;

2. нарықтық еңбекақы жүйесі құрылады;

3. жанкүйерлер мен инвесторлар арасында футболға деген қызығушылық көбейеді және ойын сапасы артады. Бұл мемлекеттік қаражаттан жеке қолға өтуге көмектеседі;

4. клубтар жастар футболына көбірек инвестиция құюы талап етілетін ереже болады;

5. Федерация Қазақстан құрамасына өзге елден футболшылар шақырудан бас тартады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;