Рыбакина Аделаидадағы WTA-500 турнирінде алғашқы матчын өткізді
![Рыбакина Аделаидадағы WTA-500 турнирінде алғашқы матчын өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_ac23fe352c07c43f9891c9083a49c083.jpg?v=28695327)
Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Аделаидада өтіп жатқан WTA-500 турнирінде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы турнирді екінші айналымнан бастап, испаниялықКристина Букшамен (WTA рейтингінде 60-орын) кездесті.
Матч 6-3, 7-5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, үш күн бұрын Елена 2024 жылы алғашқы титулын жеңіп алған болатын. Брисбендегі (Австралия) WTA-500 турнирінің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Белаоусь өкілі Арина Соболенконы (WTA рейтингінде 2-ші орын) 6:0, 6:3 есебімен жеңген еді.