русский язык
ММА

«Не өзгерді? Көлігімді 900 мыңға саттым». OCTAGON-ның жаңа чемпионы бразилиялыққа қарсы жекпе-жек, ​​«Қазақ Сехудосының» мақтауы және UFC-ге жету туралы

«Не өзгерді? Көлігімді 900 мыңға саттым». OCTAGON-ның жаңа чемпионы бразилиялыққа қарсы жекпе-жек, ​​«Қазақ Сехудосының» мақтауы және UFC-ге жету туралы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Сүндет Айтқұл (7-1) аралас жекпе-жекте өзінің жоғары деңгейін көрсетіп жүр, кейінгі жеті кездесуінде қарсыласына мүмкіндік қалдырмады.

23 желтоқсанда Алматыда Айтқұл тартысты жекпе-жекте бразилиялық Клаудечи Бритоны (9-3) жеңіп, OCTAGON лигасының жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанған болатын.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшы чемпиондықтан алған әсері, болашақ қарсыластары мен жоспарлары туралы айтты.

– Сүндет, әдемі де әсерлі жекпе-жекте OCTAGON лигасының чемпионы атандыңыз. Бірнеше жыл бұрын бәрі осылай болатынын елестете алдыңыз ба?

– 2021 жылы OCTAGON SELECTION турнирінде жекпе-жекке шықтым. Чемпион болуды армандадым. Бірақ мен лига мұншалықты табысты болады деп ойламадым.

– Бритоға қарсы кездесу карьераңыздағы ең қиын жекпе-жек болды ма?

– Бритомен жекпе-жек онша қиын болған жоқ, бірақ мен бразилиялықтың физикалық жағынан менен күшті екенін байқадым. Осыған байланысты қарсыласты шаршату үшін алдымен онымен күресу жоспарда болды.

– Командаласыңыз Дамир Төленовті жеңген спортшыдан басым түстіңіз. «Қазақ Сехудосы» мұны қалай қабылдады және жекпе-жектен кейін сізге не деді?

– Маған осындай жекпе-жектер ұнайды. Ал Дамир болса, жекпе-жектен кейін: «Красавчик, брат» деп мақтады.

– Титулды жеңіп алғаннан кейін өміріңіз қалай өзгерді?

– Үлкен өзгерістер болды деп айта алмаймын. Бәрі әлі алда шығар.

Жеңіске жетсеңіз, жаңа көлік аламын дедіңіз. Қазір бұл жағдай қалай болып жатыр? Сіз қандай маркалы көлік сатып алғыңыз келеді?

Иә, көлігімді 900 мыңға саттым (Daewoo Nexia еск. Prosports.kz). Енді көліксіз жүрмін. Нұсқаларды қарастырып жатырмын.

– Қазір жекпе-жекке шақырғанның бәрімен күресуге уақыт жоқ дедіңіз. Титул алғашқы рет қорғауға қашан дайын боласыз?

– Тек мықтылармен кездескім келеді. Қарсыласымның рейтингі менен төмен болса, мен шақыртуды қабылдамаймын.

– Рейтингте бразилиялықтан кейін Сухроббек Атажанов пен Магомед Идрисов тұр. Олардың қайсымен кездесуге қызығушылық танытар едіңіз?

– Маған Магомед Идрисовпен жекпе-жек өткізу қызық.

– Жеңіліп көрмеген қырғызстандық Марсель Нурланбек уулумен (11-0) жекпе-жек туралы ақпараттар болды. Қалай ойлайсыз, мұндай жекпе-жекті ұйымдастыруға бола ма?

– Егер Марсель менімен кездескісі келсе, мен 100% дайынмын!

– Сіздің командаласыңыз Азат Мақсұм, OCTAGON лигасынан тікелей UFC-ге тіркелді. Сол жолмен кеткіңіз келе ме, әлде басқа жерде жекпе-жек өткізіп көргіңіз келе ме?

– Әрине. Басты мақсат – UFC-ге жету.

– UFC деңгейіне жету үшін қанша уақыт қажет?

– 2024 жылдың қыркүйек немесе желтоқсан айлары, иншалла.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Алматыда «командаға команда» форматында өтетін OCTAGON 54 турнирінде жеті тартысты кездесу өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде ұйымның қазіргі чемпионы, қазақстандық ММА ардагері Георгий Кичигин (29-10) өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматовпен (11-3) кездеседі.

Фото: OCTAGON

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 54 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;