русский язык

Еуропалық құраманың ойыншысы қазақстандық клуб сапына қосылды

Еуропалық құраманың ойыншысы қазақстандық клуб сапына қосылды

«Тобыл» болгариялық жартылай қорғаушы Радослав Цоневпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Радослав 1995 жылы 29 сәуірде Благоевградта дүниеге келген, жергілікті «Пирин» клубында тәрбиеленген. Ол өзінің алғашқы кәсіби келісімшартын «Левскимен» 2013 жылдың 29 сәуірінде қол қойды. «Левскиден» соң ол итальяндық «Леччеге» көшті. Мұнда 50 ойын өткізді. Кейін ол «Витебрезе» және «Монополи» клубтарына жалға берілді. 2020 жылы Цонев туған клубына оралды.

Ойыншы 2022 жылы Кырджали қаласының «Арда» клубына ауысты.

Ол Болгария футбол құрамасында 2021 жылы 12 қазанда Солтүстік Ирландияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчында дебют жасады.

Туған күні: 29 сәуір 1995
Бойы: 175 см
Салмағы: 66 келі
Позициясы: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Болгария

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;