русский язык

«Астана» швед футболшысына көз тікті

«Астана» швед футболшысына көз тікті

«Астана» футбол клубы швед қорғаушысы Бенджамин Йертсрандпен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Expressen порталының мәліметінше, келіссөздер ілгері сатыда және «тараптардың келісімге келетінін көрсететін көптеген белгілер бар».

Бенджамин Йертстрандтың соңғы клубы шведтік Халмстад болды. Өткен маусымда ол 11 матч өткізіп, бір гол соқты.

Футболшы сонымен қатар «Фала», «Далкурд», «Брага» және «Эребру» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;