русский язык

«Реал Мадрид» пен «Валенсия» клубтарының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

«Реал Мадрид» пен «Валенсия» клубтарының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

Италиялық «Венецияның» және Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Черышев мансабын Қостанайдың «Тобылында» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сары-жасылдар» өткен маусымды Қазақстан чемпионатын жеңіп, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға мүмкіндік алды. Топтық кезеңге шығу жоспары алда тұрғандықтан, мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысын сапына қосуды көздеп отыр.

«Тобыл» «Венеция» сапында ойнайтын Денис Черышевпен келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды.

Дегенмен, Черышев екі жақтың келісімі бойынша келісім-шартты бұзып, қысқы трансферлік терезеде еркін агент ретінде «Тобылға» қосылуды көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Черышев мадридтік «Реалдың» түлегі. Ол 2012/13 маусымында негізгі команда сапында дебют жасады.

Сондай-ақ ресейлік футболшы «Севилья», «Вильярреал» және «Валенсия» командаларында жалға ойнаған. Жартылай қорғаушы мансабында 365 матч өткізіп, 49 гол соғып, 41 нәтижелі пас берді. Ол «Реалмен» Чемпиондар лигасының, «Севильямен» Еуропа лигасының жеңімпазы, сонымен қатар «Валенсиямен» Испания кубогының жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;