русский язык
Әлем футболы

Америкалық клуб Месси үшін жаңа стадионға «көшетін болды»

Америкалық клуб Месси үшін жаңа стадионға «көшетін болды»

«Спортинг Канзас-Сити» клубы сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси ойнайтын «Интер Майамиге» қарсы ойынын үлкенірек стадионға ауыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортингтің үй аренасы - 18 000-нан сәл астам адамға арналған «Чилдренс Мерси Парк», бірақ клуб президентінің айтуынша, кездесуді басқа спорт нысанында өткізу туралы шешім Аргентина капитанының ойынына «бұрын-соңды болмаған қызығушылық» салдарынан қабылданған.

Ойын өтетін стадионның аты әзірге белгісіз, бірақ арена 76 мыңнан астам көрерменді сыйдыра алатыны хабарланып, матчтың билет бағасы 65 доллардан (29,4 мың теңге) басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;