Қазақстандық теннисші Хобарттағы турнирдің екінші айналымына шықты
![Қазақстандық теннисші Хобарттағы турнирдің екінші айналымына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_7f48891ed19e8daace4c239e46583c28.jpg?v=28670662)
Қазақстандық Юлия Путинцева Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 Hobart International турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда қазақстандық теннисші италиялық Элизабетта Кочареттоны 0:6, 7:5, 7:6 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 20 минутқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, Хобарттағы турнир 2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 267 082 доллар.