Қала ма? «Тобыл» Украина құрамасының экс-ойыншысына қатысты шешім қабылдады

Қала ма? «Тобыл» Украина құрамасының экс-ойыншысына қатысты шешім қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» мен украиналық футболшы Евгений Шахов екі тараптың келісімі бойынша өзара келісімшартын бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

33 жастағы Шахов қостанайлық командаға былтыр жазда келген. Барлық турнирде 14 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Шахов бұған дейін «Днепрде» ойнап, Еуропа лигасының финалына шыққан. Одан бөлек «Арсенал» (Киев), италиялық «Лечче», грекиялық ПАОК пен АЕК, сондай-ақ луганскілік «Заря» сапында доп тепті. Украина құрамасында жеті матч өткізіп, бір гол соққан.

Фото: obozrevatel.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер