русский язык

«Қызылжар» бірден төрт ойыншының кеткенін хабарлады

«Қызылжар» бірден төрт ойыншының кеткенін хабарлады

«Қызылжар» бірқатар ойыншылардың командадан кеткенін әлеуметтік желіде ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Рақмет сіздерге! Алдайыр Әділов, Марат Шахметов, Лука Имнадзе, Иван Граф.

Келісімшарттары аяқталуына байланысты ойыншылар командадан кетті.

Бұл ойыншылардың әрқайсысы өткен маусымда сәтті өнер көрсетуге елеулі үлес қосқанын айта кеткен жөн», - деп хабарлайды клуб.

Айта кетейік, ҚПЛ-2023 жылы өткен маусымында «Қызылжар» бесінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;