«Барыс» хоккейшісі ҚХЛ матчында үздік ойыншы атанды
![«Барыс» хоккейшісі ҚХЛ матчында үздік ойыншы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_cb02c1d353056aafdb2c269faeb020cf.jpg?v=28673903)
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты «Салават Юлаев» - «Барыс» (5:3) кездесуінің үздік ойыншыларын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелерінің шабуылшысы Джошуа Ливо матчтың ең үздік ойыншысы атынды: «ол дубль жасады».
Екінші жұлдыз уфалық команданың тағы бір шабуылшысы Егор Сучков болды: «ойында есеп ашты».
Үшінші үздік ойыншы атағы «Барыс» шабуылшысы Энтони Камараға бұйырды: «шайба соғып, нәтижелі пас берді».