русский язык
Әлем футболы

Төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы Марио Загалло өмірден өтті

Төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы Марио Загалло өмірден өтті

Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Марио Загалло 92 жасында өмірден өтті. Ол — дүние жүзінде төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы және бапкер, деп хабарлайды Kazinform.

Марио Загалло 1931 жылы дүниеге келген.

Футболшы мансабында 1948-1965 жылдарда Бразилияның клубтарында ойнады.

1966 жылдан бастап Бразилия клубтарының, Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ құрамаларының тізгінін ұстады.

Өз елінің ұлттық құрамасы сапында 1958, 1962 жылдарда әлем чемпионы атанды.

Ал 1970, 1994 жылдарда бапкерлік қызметте алтын медаль алды.

«Марио Загалло футбол әлемінде өз өрнегін қалдырды. Ойыншы ретінде жанкүйерлердің жылы ықыласына ие болса, бапкерлік қызметінде жемісті еңбек етті», — деп жазылған Бразилия футбол федерациясы таратқан хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;