«Қайсар» болгариялық клубпен ойнайды
![«Қайсар» болгариялық клубпен ойнайды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_40b1a6477997e4363ce2069f63493a1d.jpg?v=28695566)
Ақпан айында қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында болгариялық «Левскимен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Болгариялық «Левскиге» қарсы ойын 6 ақпанға жоспарланған. Ойын Түркияның Белек қаласында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Левскидің» бас бапкері «Каспий» мен «Шахтердің» экс-бапкері Николай Костов.