Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клубтан ҚПЛ-ға ауысады
![Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клубтан ҚПЛ-ға ауысады](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_d601dca542c19ed987b0f6431b7b9a98.jpg?v=28695693)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының оң қаптал қорғаушысы Марат Быстров «Астана» футболшысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі JAY Football телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Быстров елордалық командаға грозныйлық «Ахматтан» (Ресей) еркін агент ретінде ауысады. Дереккөздің мәліметінше, спортшы жаңа командамен 1+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасады және «Астананың» БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынында командаға қосылады.
«Астаналықтар мықты команда жинап, чемпиондық титулды қайтарып алғысы келеді», - дейді арна авторы.