русский язык

Қорғаушы Нұралы Әліп «Зениттің» ең батыл ойыншыларының бірі атанды

Қорғаушы Нұралы Әліп «Зениттің» ең батыл ойыншыларының бірі атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Зенитінің» шабуылшысы Иван Сергеев команданың ең батыл ойыншыларын атады, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Зениттің ең батыл үш ойыншысы? Нұрик [Нұралы Әліп]», - деді Сергеев YouTube-тегі «SBG Show» арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Сергеев Әліпті Ресей чемпионатындағы ең «ашуланатын» қорғаушы деп атаған.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы футболшы «Зенит» сапында 2022 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Қазақстандық жаңа маусымда петерборлық клубтың негізгі сапында өзін танытты. Transfermarkt порталы қорғаушының нарықтық құнын екі миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;