русский язык
Басқа

Елордада Париж Олимпиадасына дайындық штабы ашылды

Елордада Париж Олимпиадасына дайындық штабы ашылды

Елордада туризм және спорт министрлігі жанынан байрақты бәсеке Олимпиада ойындарына негізделген дайындық штабы ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның негізгі мақсаты спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Еске сала кетсек, 4-қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді. Ал Францияның Париж қаласында жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталады.Паралимпиялық ойындардың жалауы тамызда желбірейді.

Ермек Маржықпаев, ҚР Спорт және туризм министрі:

- Біздің үлкен іс-шарамыз Париж олимпиадасына дайындық. Өздеріңіз білетіндей Парижға 205 мемлекеттен 10 жарым мың спортшы 32 спорт түрінен қатысады. Қазіргі таңда өзімізде 17 лицензия 8 спорт түрлерінен бар. Өкінішке орай аздау. Бірақ біздің алдымызда 80 нен астам лицензиялық турнирлер бар. Лицензия саны көбейеді деп үміттеніп жүрміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;