русский язык
Хоккей

Еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысады

Еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысады

Нидерландтың Херенвен қаласында шайбалы хоккейден IIA дивизионында жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ойын 15 және 21 қаңтар аралығында өткізіледі. Онда қазақстандық жасөспірім қыздармен Ұлыбритании, Түркия, Латвия, Қытай мен Нидерланд құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойын кестесі:

15 қаңтар, 21:30. Қазақстан – Ұлыбритания

16 қаңтар, 18:00. Түркия – Қазақстан

18 қаңтар, 21:30. Латвия – Қазақстан

21 қаңтар, 1:00. Қазақстан – Қытай

21 қаңтар, 21:30. Нидерланд – Қазақстан.

Бас бапкер Мария Федоренко аталған ойындарға қатысатын кеңейтілген құрамды жариялады.

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Еркеназ Көпжасарова («Стрижи», Алматы), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз», Алматы;

Қорғаушылар: Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008»/«Жұлдыз»), Зере Тилеш, Вероника Халикова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Зейнаб Мелс («Бұлбұл», Астана);

Шабуылшы: Карина Әмірова, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы - «Жұлдыз», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, Злата Филичкина («Юность-Грация, Қарағанды), Малика Жүнісова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Айдана Рахатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Аиша Мелс («Томирис», Астана).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;