русский язык

Қазақстан құрамасы қорғаушысының ресейлік клубтағы болашағы белгілі болды

Қазақстан құрамасы қорғаушысының ресейлік клубтағы болашағы белгілі болды

«Ахмат» спорт директоры Руслан Газаев қысқы трансфер кезеңінде командадан кетуі мүмкін ойыншыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан құрамасының ойыншысы Марат Быстров тараптардың келісімі бойынша «Ахматпен» келісімшартын бұзып, клубтан еркін агент ретінде кетеді. Владислав Волков «Ленинградецке» жалға беріледі. Әзірге қыста командадан кететіндер туралы бар ақпарат осы. Жаңа ойыншылар да келеді», - деді Газаев Sport24 тілшісіне.

Қорғаушы Марат Быстров осы маусымда «Ахмат» сапында барлық турнирлерде 7 матч өткізді. Қорғаушы Владислав Волков командада 6 ойынға қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;