Стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды
![Стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201131_99b445b59ab63420374eeda1b661391c.png?v=28702462)
12-23 қаңтар аралығында Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған турнирде 8 олимпиадалық квота сарапқа салынады. Яғни, әр жаттығу түріне екі жолдамадан берілмек.
Қазақстан атынан «трап» және «скит» бағдарламсы бойынша 18 спортшы бақ сынайды.
Стенд атудан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан командасының құрамы:
Трап:
Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамамбетова, Анастасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлішер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Коенченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев.
Скит:
Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедалиев, Илья Пенков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко.