русский язык
Хоккей

Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: жартылай финал жұптары белгілі болды

Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: жартылай финал жұптары белгілі болды

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалдық кездесулерде Финляндия Словакияны ұтса, америкалықтар Латвияны жеңді.

Қазіргі әлем чемпионы саналатын Канада құрамасы чехтарға есе жіберіп, жарысты аяқтады. Ал Швеция хоккейшілері овертаймда Швейцарияны жеңіп кетті.

Осылайша, әлем чемпионатының жартылай финалында АҚШ пен Финляндия, Швеция мен Чехия ойнайды.

Жартылай финал кездесулері 4-5 қаңтарға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;