Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарлары жайлы айтты
![Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарлары жайлы айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/203991_f4f0d692089a902c8e4ff211af975713.jpg?v=28695450)
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жектері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қаңтарда біз АҚШ-қа ұшып, жекпе-жекке дайындықты бастаймыз. Құдай қаласа, наурыздың аяғында немесе сәуірдің басында жекпе-жек өтеді. Әзірге нақты күн анықталмады. Қарсыластар? Эрисланди Лара мен Джермалл Чарлоға ұсыныстар жасалды, келіссөздер жалғасуда. Менің титулдарымды қорғауым да бар, ол жақта да бірнеше үміткер бар», - деді 30 жастағы қазақ боксшысы.
Айта кетейік, Әлімханұлы өткен жылдың қазан айында IBF чемпионы атағы үшін төбелесте Винченцо Гуальтиериді жеңген болатын.