русский язык
Әлем футболы

«Реалға» ауыса ма? Мбаппе трансфердегі алғашқы қадамын жасады

«Реалға» ауыса ма? Мбаппе трансфердегі алғашқы қадамын жасады

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе Мадридте өзіне бір үй брондап қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпарат «Реалға» ауысуы мүмкін деген жаңалық шыққан кезде тарады. Бұған дейін 25 жастағы француз испаниялық клубтың президенті Флорентина Переспен тікелей байланысып жатыр деген ақпарат шыққан.

Қазіргі мәлімет бойынша, «Реал» Мбаппеге 15 қаңтарға дейін уақыт берген – олар ойыншыны еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді. Килианның ПСЖ-мен келісімшарты жазда аяқталады, париждіктер де мәмілені ұзартқысы келеді.

Мбаппе осы маусымда париждіктер сапында Лига 1-де 16 матч өткізіп, 18 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;