Анна Данилина Оклендтегі турнирдің ширек финалына шықты
![Анна Данилина Оклендтегі турнирдің ширек финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_4ea408d3ec0500b083b3e75d0817aa4a.jpg?v=28669452)
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Окленд қаласында (Аустралия) өтіп жатқан жұптық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымдағы матчта Анна Данилина/Виктория Грунчакова (Словакия) жұбы Элисия Болтон (Аустралия)/Александра Бозович (Аустралия) дуэтін 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Матч 57 минутқа созылды.
Турнирдің ширек финалында Қазақстан-Словакия дуэті Сю Ван Ван (Қытай)/Юэ Юань (Қытай) жұбымен кездеседі.