русский язык
ММА

МакГрегор Чендлермен қашан жекпе-жек өткізетінін айтты

МакГрегор Чендлермен қашан жекпе-жек өткізетінін айтты

Бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор октагонға оралатын күнін айтты.

МакГрегордың айтуынша, «спорт тарихындағы ең үлкен камбэк» Лас-Вегастағы Халықаралық жекпе-жек апталығында өтеді.

«Менің 29 маусымдағы қарсыласым Майкл Чендлер болады, ал жекпе-жек орта салмақта өтеді», - деді ол әлеуметтік желіде жарияланған видеода.

Кейінгі рет Конор (22-6) октагонға 2021 жылы шілдеде шыққан, ол кезде ол Дастин Порьеден техникалық нокаутпен жеңіліп, аяғы сынған болатын.

Чендлер (23-8) 2022 жылдың қарашасында Порьеден жеңілді. Оның UFC-де екі жеңісі мен үш жеңілісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;