русский язык
Әлем футболы

"Барселонаға" кел, Мессидің нөмірін береміз". Католондықтар 10-нөмірді қай футболшыға беретіні белгілі болды

"Барселонаға" кел, Мессидің нөмірін береміз". Католондықтар 10-нөмірді қай футболшыға беретіні белгілі болды

«Барселона» басшылығы "Манчестер Юнайтедтен" "қуылған" Мейсон Гринвудтың ойын деңгейіне таң қалған.

"Манчестерден" кеткен талантты ойыншы "Хетафеде" ойнайды. "Хетафе" шенеуніктері де шабуылшыны толық трансфер жасауға тырысып жатыр.

The Sun хабарлауынша, «Барселона» Гринвудты сатып алу үшін "Манчестерге" 40 миллион фунт төлеуге дайын.

Каталондықтар 22 жастағы футболшыға клубтың аңызына айналған Лионель Мессидің 10-нөмірін беруге уәде берген.

Мессиден кейін бұл нөмір жас жұлдыз Ансу Фатиге берілді. Кейін Ансу бірнеше ауыр жарақат алып, қажетті деңгейде ойнай алмады. Өткен жазда каталондықтар оны «Брайтонға» жалға берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;