русский язык
Әлем футболы

«Қашан аяқталатынын өзім айтамын». Роналду жаңа мәлімдеме жасады

«Қашан аяқталатынын өзім айтамын». Роналду жаңа мәлімдеме жасады

Сауд Арабиясының «Әль-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлемнің ең үздік бомбардирі атанды.

Сауд Арабиясы чемпионатының 19-шы турындағы «Ат-Таавунға» қарсы ойында (4:1) 38 жастағы шабуылшы тағы бір гол соғып, голдар санын 54-ке жеткізді.

"54 – Қашан аяқталатынын өзім айтамын! Рахмет, команда!", - деп жазды Роналду Instagram парақшасында.

Бір жылда 54 гол соғу – бұл Роналдудың 2016 жылдан бергі үздік көрсеткіші. Оның рекорды – 2013 жылы соққан 69 гол.

Роналдудан кейін бір жылда көп гол соққандар «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Килиан Мбаппе мен «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн. Олар биыл 52 рет қақпаны дәл көздеген. «Манчестер Ситидің» ойыншысы Эрлинг Холандтың еншісінде 50 гол бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;