русский язык

Қазақстан құрамасының қақпашысы Азиядағы қымбат футболшылар рейтингіне енді

Қазақстан құрамасының қақпашысы Азиядағы қымбат футболшылар рейтингіне енді

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий беделді Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы ең қымбат қақпашылар тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімді Тәжікстан құрамасының қақпашысы және 900 мың еуроға бағаланған Рустам Ятимов бастады.

Қазақстан құрамасының және қарағандылық «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий нарықтық құны 600 мың еуромен 4-орында болды.

Өткен маусымда Игорь қарағандылықтар сапында 26 матч өткізді, сонымен қатар Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының барлық ойындарында 90 минут ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;