русский язык
Әлем футболы

«Барселона» «Манчестер Юнайтед» футболшысын сатып алғысы келеді

«Барселона» «Манчестер Юнайтед» футболшысын сатып алғысы келеді

«Барселона» басшылығына Мэйсон Гринвудтың ойыны ұнайды. «Манчестер Юнайтед» футболшысы осы маусымда испаниялық «Хетафеде» жалда ойнап жүр. Каталониялық клуб алдағы жазда Гринвудты қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Sun мәліметінше, каталониялық клуб 22 жастағы футболшының трансфері үшін «Манчестер Юнайтедке» 40 миллион фунт (46 миллион еуро) төлеуге дайын. Сонымен қатар, клуб Гринвудқа командаға қосылған кезде қазіргі уақытта «Барселона» вингері Фати өнер көрсететін, ал оның алдында шабуылшы Лионель Мессиге тиесілі болған он нөмірлі жейдені алуды ұсынуға дайын.

Еске салайық, осы маусымда Гринвуд барлық турнирде 15 матчқа қатысып, бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;