русский язык
Әлем футболы

Роналду ма, Месси ме?

Роналду ма, Месси ме?
news-banner7
mobile-news-top

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Hopper HQ аналитикалық платформасының нұсқасы бойынша 2023 жылдың ең танымал спортшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте екінші орынды «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси иеленді. Үздік үштікті үндістандық крикетші Вират Кохли түйіндеді. Топ-5 қатарына «Әл-Хиләлдің» бразилиялық футболшысы Неймар мен «Лос-Анджелес Лейкерс» баскетболшысы Леброн Джеймс енді.

Криштиану Роналду 2023 жылдың үздік сұрмергені атанды.

Сондай-ақ Криштиану FourFourTwo нұсқасы бойынша «Реал Мадрид» тарихындағы ең үздік футболшы атанған. 38 жастағы Роналду мадридтік команда сапында 2009-2018 жылдар аралығында ойнаған. Ол 438 матчта 450 гол соғып, 131 нәтижелі пас берген.

Осы маусымда Роналду «Әл-Наср» сапында 24 матч өткізіп, 23 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;