русский язык
Бокс

Танымал журналист Энтони Джошуаның келесі қарсыласын болжады

Танымал журналист Энтони Джошуаның келесі  қарсыласын болжады

Танымал журналист Дэн Рафаэль ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуаның келесі жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Саудиялықтар атақты есімдер мен ең үлкен жекпе-жектерді қалайды, бірақ мынаны есте сақтаңыз. Біріншіден, олар Филип Хрговичпен бірнеше жекпе-жекке келісімге келген.

Де Моримен шайқаста Филипп бастапқы тапсырманы орындады. Олардың Джошуа-Хргович жекпе-жегінің бағасын ойластырып қойғанын білемін. Келіссөздер қиын болмайды. Джошуа бұл жекпе-жекке қызығушылық танытса, оның болатынына күмәнім жоқ. Оның бірінші кезекте Отто Уоллинмен жұдырықтасуының себебі де осы. Осы жеңісінен кейін Джошуа IBF рейтингінде екінші орында тұр», - деді Рафаэль Pro Boxing Fans YouTube арнасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;