Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің басталатын күні белгілі болды
![Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің басталатын күні белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/203991_61cfe049962284167da282a255f91f36.jpg?v=28668047)
Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің басталатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир ережесіне сәйкес, екінші кезеңде қатысушылар бір раундта өзара ойнайды (әр командамен бір матч, өз алаңында 5 матч және қарсыластың алаңында 5 кездесу) және жинаған ұпайларын ескере отырып, өзара орындарды бөледі. Екінші кезеңдегі матчтардың күнтізбесі командалардың бірінші кезеңнен кейінгі орындарына сәйкес анықталады.
Командалар демалыстан 6 қаңтарда оралады, бұл күні Рудныйда «Горняк» пен «Сарыарқа» кездесуі өтеді. «Номад» - «Алматы» және «Ақтөбе» - «Бейбарыс» матчтары 7 қаңтарға жоспарланған. «Хумо» мен «Ертіс» 8 қаңтарда ойынға оралады.
Тұрақты маусымның соңғы ойын күні 16 ақпанға жоспарланған. Келесі кезекте сегіз үздік команда үшінші кезеңде (плей-офф) күресті жалғастырады.