русский язык
Әлем футболы

«Реал Мадрид» команданың бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады

«Реал Мадрид» команданың бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады

«Реал Мадрид» басшылығы мен команданың бас бапкері қызметін атқаратын италиялық маман Карло Анчелотти келісімшартын ұзартату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Анчелотти 2013 жылдан 2015 жылға дейін «Реалды» басқарған болатын, бірақ 2014/15 маусымында команда жүлдесіз қалғаннан кейін ол жұмыстан босатылған еді.

2021 жылы Зинедин Зидан команда бас бапкері қызметінен кеткеннен кейін италиялық маман қайтадан «корольдік клубты» басқарды.

Команданың сайтында жаңа келісімшарт 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелгені айтылған.

Карло Анчелоттимен бірге команда екі рет Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды, сонымен қатар бір рет Испания чемпионатын және екі рет Испания кубогын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;