«Әл-Хилал» «Интердің» жартылай қорғаушысына жылына 18 миллион еуро жалақы ұсынған
![«Әл-Хилал» «Интердің» жартылай қорғаушысына жылына 18 миллион еуро жалақы ұсынған](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_a84ed8eb215206dda8ab68a60624d48b.jpg?v=28693221)
«Интер» жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглуға Сауд Арабиясының клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайлы Prosports.kz.
Gazzetta.it мәліметінше, ойыншыға «Әл-Хиләл» қызығушылық танытып отыр. Футболшыға маусымына 18 миллион еуро жалақысы бар 4 жылдық келісімшарт ұсынылды, бұл жартылай қорғаушының миландық клубтағы жалақысынан үш есе көп.
Алайда «Интер» бас бапкері Симоне Индзаги түркиялық футболшыны жіберуден бас тартты.