русский язык
Әлем футболы

«Барселона» «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысын сатып алғысы келеді

«Барселона» «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысын сатып алғысы келеді

Каталониялық «Барселона» бұрын «Манчестер Ситиде» ойнаған «Жирона» ойыншысы Алеш Гарсияны сатып алу арқылы жартылай қорғанысты күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі журналист Джерард Ромероға сілтеме жасап..

Журналист Джерард Ромероның мәліметінше, «Барселона» ойыншының келісімшартында көрсетілген 20 миллион еуро өтемақыны толеу жолын іздеп жатыр. Клуб бұл соманы азайту үшін келісімге өз ойыншыларын қосуды қарастырып жатыр. «Жирона» болса, «Барселонаның» бірнеше ойыншысына қызығушылық танытып отырғанына қарамастан, соманы азайтқысы келмейтініні хабарланды.

26 жастағы Гарсия 2021 жылдың жазында «Жирона» ойыншысы атанды. Осы маусымда испаниялық футболшы Ла Лиганың 18 матчына қатысып, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;