русский язык
Басқа

Анастасия Боднарук рапидтен әлем чемпионы атанды

Анастасия Боднарук рапидтен әлем чемпионы атанды

Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан рапид пен блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды.

Әйелдер арасында рапидтен Анастасия Боднарук (FIDE) топ жарса, Үндістан шахматшысы Хампи Конеру күміс, Лей Тинцзе (Қытай) қола жүлдеге ие болды. Үш ойыншы да 8,5 ұпайдан жинады. Қосымша көрсеткіш бойынша Анастасия бас жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева бұл сынды 19-орында аяқтады. Ол бүгін Май Нарва (Эстония), Элина Даниелиян (Армения), соңғы турда Нутакки Приянкамен (Үндістан) тең ойнап, ұпай санын жетеуге жеткізді. Ұлттық құрамадағы жас ойыншының бірі Зарина Нұрғалиева да 7 балл жинап, қосымша көрсеткіш жағынан 18-сатыға көтерілді. Толық нәтиже мына сілтемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;