русский язык
Басқа

Шахмат: Магнус Карлсен Самарқандта рапидтен әлем чемпионы болды

Шахмат: Магнус Карлсен Самарқандта рапидтен әлем чемпионы болды

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Самарқандта өтіп жатқан жылдам шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform UzA-ға сілтеме жасап.

Матчтардың нәтижесінде Магнус Карлсен 10 ұпай жинады.

33 жастағы норвегиялық спортшы соңғы раундта үндістандық Рамешбабу Прагнанандхамен тең түсіп, қарсыластарын басып озды.

Осылайша Карлсен жылдам шахматтан бес дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014, 2015, 2019 және 2022 жылдары әлем чемпионы болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;