русский язык
ММА

Қазақстанда құрылған лига тарихта алғаш рет әлемнің топ-20 лигасының қатарына енді

Қазақстанда құрылған лига тарихта алғаш рет әлемнің топ-20 лигасының қатарына енді

Қазақстанда құрылған OCTAGON Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы әлемдік рейтингке енді, деп хабарлайды Prosports.kz

Аралас жекпе-жек статистикасының беделді Fightmatrix.com сайтының мәліметінше, OCTAGON лигасы биылдың қорытындысы бойынша барлық ұйым арасында әлемдік рейтингте 18-орын алып, топ-20 қатарына енді. Бұған дейін Қазақстанда құрылған бірде-бір лига мұндай нәтижеге қол жеткізе алмаған.

Сондай-ақ, OCTAGON әлемдегі файтерлердің орташа жасы (27 жас) бойынша ТОП-3 қатарына енген.

Естеріңізге сала кетейік, келесі OCTAGON 54 турнирі 2024 жылдың 19 қаңтарында Алматы қаласында өтеді. 2024 жылдың алғашқы ивенті Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері арасында «командаға команда» форматында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпион Георгий Кичигин (29-10) өзбекстандық Шохасан Мирзаматовпен (11-3) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 54 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;