Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
![Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_eb43dad9f43c342e660119f66b5c7227.jpg?v=28667384)
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов жаттығу процесі басталғанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
«Джако» Instagram парақшасында жаттығу залынан видео жариялап, «Келесі жекпе-жекке дайындала бастадым», деп жазды.
Айта кетейік, желтоқсанның басында Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол Астанада өткен Naiza турнирінде жапониялық Масато Накамураны техникалық нокаутпен жеңді.
Instagram Stories-інде Жұмағұлов көктемде Naiza-да тағы бір жекпе-жек өткізуге ниетті екенін жариялап, «наурыздағы кардқа дайындалып жатырмыз», деп жазды.