Ислам Махачев «2023 файтері» номинациясында 2 орынды иеленді
![Ислам Махачев «2023 файтері» номинациясында 2 орынды иеленді](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_8e45ee8db93d735ba154ea07d640bef8.png?v=28671132)
Америкалық MMA Fighting спорт порталы өтіп жатқан 2023 жылдың ең үздік аралас стильдегі үш файтерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші орын американдық Шон Стриклендке бұйырды - 2023 жылы ол үш жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жетіп, қыркүйекте нигериялық Израиль Адесаньядан орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін тартып алды.
Екінші орынды ресейлік Ислам Махачев иеленді - ол австралиялық Александр Волкановскиді екі рет жеңіп, жеңіл салмақта UFC әлем чемпионы атағын қорғады.
Камерундық Фрэнсис Нганну мен британдық Леон Эдвардс үшінші орынды бөлісті.