русский язык
Теннис

Жасөспірімдердің Қысқы Олимпиадасында Қазақстан хоккей құрамасы кімдермен ойнайды

Жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Каzinform.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпан аралығына Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өткізіледі.

Қазақстандық жасөспірім хоккейшілер 3х3 турнирінде бақ сынайды. Бас бапкер - Рамазан Кайдаров.

Құрама Польша, Австрия, Тайпей, Латвия, Дания, Испания және Ұлыбритания хоккейшілерімен күш сынасады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:

20 қаңтар. 15:00. Польша – Қазақстан
21 қаңтар. 13:30. Қазақстан – Австрия
21 қаңтар. 20:30. Латвия – Қазақстан
22 қаңтар. 12:00. Қазақстан – Дания
22 қаңтар. 19:00. Тайпей – Қазақстан
23 қаңтар. 12:30. Испания – Қазақстан
23 қаңтар. 20:30. Қазақстан - Ұлыбритания

Жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындары 2012 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;