русский язык
Теннис

ATP турнирлерде рейтингтік ұпайларды беру жүйесін өзгертті

ATP турнирлерде рейтингтік ұпайларды беру жүйесін өзгертті

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) турнирлердегі белгілі бір нәтижелер үшін берілетін рейтингтік ұпайлар санын өзгертті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, Grand Slam финалистері енді 1300 ұпай (бұрын 1200), ал Masters финалистері 650 ұпай (600) алады

Өзгерістер 96 ойыншысы бар турнирлер санының артуына байланысты ұпайларды бөлуді оңтайландыруға, сондай-ақ жоғары санаттағы Челленджерлердің санының айтарлықтай өсуінен кейін теңгерімділікті сақтауға және ұпайларды әділ бөлуге арналған.

Өзгерістер тек бір санатқа ғана әсер ететіні атап өтілді. Қос ойында ұпайларды бөлу өзгеріссіз қалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;