русский язык
Басқа

15 жастағы қазақстандық шахматшының әлемнің вице-чемпионымен ойыны сенсациямен аяқталды

15 жастағы қазақстандық шахматшының әлемнің вице-чемпионымен ойыны сенсациямен аяқталды

15 жастағы қазақстандық шахматшы Ернұр Амангелді (рейтингі — 2012) Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатының екінші турында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиймен ойнады.

Е.Амангелді қара фигуралармен ойнады. Матч тең аяқталды.

Еске салайық, биылғы 7 сәуір – 1 мамыр аралығында ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь Астана қаласында классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен сайыста бақ таластырған болатын. Матч 14 партиядан тұрды. Тай-брейкке ұласқан ойын нәтижесінде Д.Лижэнь жеңіске жетті.

Жылдам шахматтан Самарқан қаласындағы әлем чемпионаты 26 – 30 желтоқсан күндері өтуде. 26 – 28 желтоқсанда – рапидтен, 29 – 30 желтоқсанда блицтен сайыстар өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;