«Қазақ Терминаторы» ресейлік файтерден жеңіліп қалды
![«Қазақ Терминаторы» ресейлік файтерден жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/203991_6755726859df45ca5e4e1304deea37eb.jpg?v=28670190)
«Қазақ Терминаторы» деген лақап аты бар қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-4) «Наше Дело» поп ММА лигасында ресейлік Александр Грозинмен (23-4-1) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шайқас аралас жекпе-жек ережесі бойынша өтіп, төрешілер шешімімен Грозиннің жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Мұратбек Қасымбай спорттық мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Грозин Ашық ФК лигасының чемпионы, «Наше дело» лигасының Гран-при чемпионы, сонымен қатар AMC Fight Nights титулына бұрынғы үміткер.