Ернұр Амангелді ресейлік шахматшымен кездесуді тең аяқтады
![Ернұр Амангелді ресейлік шахматшымен кездесуді тең аяқтады](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_5e4e228bfd847742dd1fc9013789eb0c.jpg?v=28702952)
Қазақстандық 15 жастағы шахматшы Ернұр Амангелді (рейтинг - 2012) Самарқандта (Өзбекстан) рапидтен әлем чемпионатының екінші айналымында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиммен (рейтинг - 2778) ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қара ойнаған Амангелді Непомнящимен кездесуді тең аяқтады.
Биылғы жылдың сәуір айында Астанада өткен әлемдік шахмат тәжі үшін өткен кездесуде ресейлік гроссмейстер қытайлық Дин Лиженнен жеңілген болатын.
26-30 желтоқсан аралығында Самарқанд қаласында жылдам шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 26-28 желтоқсанда рапид, 29-30 желтоқсанда блиц жарыстары өтеді.