русский язык
Әлем футболы

Месси әйелінің әпкесінің үйлену тойына қатыса алмады. Себебі белілі

Месси әйелінің әпкесінің үйлену тойына қатыса алмады. Себебі белілі

Аргентиналық «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси әйелі Антонелла Рокуццоның әпкесі Карла Рокуццоның үйлену тойына келмеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Той Росарио қаласында өтті. Той туралы ақпарат құпия болғанымен, Росарио қаласындағы шіркеуде жүргізілген ауқымды қауіпсіздік операциясы көршілердің назарын аударып, олар қоршауларға жинала бастады. Жиналғандар Мессидің салтанатты рәсімде болуы мүмкін екенін түсінгенде, адамдар саны көбейе бастады.

Осыған байланысты Месси қауіпсіздік мақсатында салтанатты шараға қатыспауды шешті. Алайда ол мерекелік кешке кейін келді.

Естеріңізге сала кетейік, Месси «Интер Майамиде» 2023 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;